Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру бойынша Үкімет отырысын өткізді

Олжас Бектенов мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру бойынша Үкімет отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, ХҚКО жұмысы және халыққа қызмет көрсету тәртібі туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев, «Электронды үкіметте» әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру барысы туралы BTS Digital бас директоры Нұртай Әбілғалиев, банк жүйелерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы – Kaspi.kz басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе мен Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов баяндама жасады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректеріне сәйкес, бүгінде Қазақстанда 1382 мемлекеттік қызмет түрі, оның 1265-і электронды форматта (91,5%), ал 117-сі қағаз түрінде көрсетіледі.

Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бері мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жеңілдету және бюрократиядан арылту, бірыңғай «Электронды үкімет» жүйесін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Онлайн қызметтердің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыруға ерекше назар аударылуда. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстар Қазақстанның цифрлық мемлекеттік қызмет көрсету рейтингінде әлемнің үздік 10 елі қатарына енуіне мүмкіндік берді.  Мәселен, проактивті формат, мысалы, бала өмірге келген кезде оған ЖСН автоматты түрде беріледі. Ал, туу туралы куәлік SMS арқылы рәсімделсе, жәрдемақылардың барлық түрлері әдепкі қалпы бойынша есептеледі. Сондай-ақ банктермен өзара іс-қимылдың оң нәтижелері атап өтілді.

«Жалпы мемлекеттік қызметтердегі бизнес-процестерді оңтайландыруға баса назар аудару керек. Пайдаланушылар өздеріне қажетті қызметтің бәрін ең көп дегенде, «екі батырманы басу арқылы» алуы тиіс. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллектіні белсенді түрде енгізу керек. Бірінші кезекте, “электронды үкімет” платформасында осыған басымдық берілуі тиіс. Оны қолдану мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі және халықтың көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетуге ықпал етуі тиіс», —  деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр «электронды үкіметтің» үздіксіз жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті, осыған байланысты серверлік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытында қосымша шаралар қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар көрсетілетін онлайн-қызметтерді одан әрі арттыру үшін жоғары жылдамдықты интернеттің жаппай қолжетімді болуын қамтамасыз еткен жөн екені атап өтілді. Бұл тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық азаматтардың электрондық мемлекеттік қызметтерді толық алуына мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіре отырып, мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландыру қажет. Дербес деректерді қорғау мен цифрлық қауіпсіздікке ерекше назар аудару керек.

Мемлекеттік қызмет көрсету үднрісінде орталықтандырылған мониторингінің болмауы деректердің таралып кету қаупін арттырып, интернет-алаяқтық жағдайларының көбеюіне әкеп соғады. Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға осы жылдың соңына дейін барлық ақпараттық жүйені дербес деректерге қолжетімділікті бақылау қызметіне қосу жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, дербес деректермен жұмыс істейтін мамандардың жауапкершілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуі қажет. Осы саладағы бұзушылықтар үшін жазаны күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:

  • Жыл соңына дейін жасанды интеллект элементтерін іске қосу арқылы «электронды үкімет» порталын жаңғырту керек.

  • Шалғай елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобаларын уақтылы іске асыру қажет. Барлық ауылдық пошта бөлімшелерінде мемлекеттік қызметтер көрсетуді қаржыландыру мәселесі шешімін табуы тиіс. 

  • Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсететін мейлінше сұранысқа ие қызметтерді электронды форматқа көшіру керек. 

  • Халық арасында жаңа электронды қызметтер, оларды пайдалану мен алу қағидалары, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қарапайым шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты