Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Алматы қалалық полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтады.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды: - алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғатын қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін; - 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін апаттық жағдай туғызғаны үшін; - қауіпсіздік белдігін тақпаумен байланысты бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен; - 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейтін ұсақ бұзақылық үшін. Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа жеткізілді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданааралық әкімшілік сотының қаулысымен жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
— Алматы қалалық полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын және қоғамдық тәртіпті бұзатын іс-әрекетке жол бермеу керектігін еске салады. “Профилактика жылы” аясында және “Заң мен Тәртіп” қағидаттарына сәйкес әрбір азамат өз іс-әрекеті мен оның салдары үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс, - деді, Серік Шумаев.