Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды
Фото: Polisia.kz

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтап, олардың әрекеттерінің алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл шаралар жарияланған "Профилактика жылы" аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. "Сергек" бейнебақылау жүйесі арқылы оңтүстік бағыттағы Құлжа тас жолының Рысқұлов көшесімен қиылысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді. Атап айтқанда, BMW көлік жүргізушісі қауіпті маневр жасап, дрифт элементтерін орындау арқылы апаттық жағдай туғызған. Полицейлер жүргізушінің жеке басын шұғыл анықтап, оны жауапкершілікке тартты. 21 жастағы азаматқа қатысты маневр жасау ережелерін бұзу, төтенше жағдай туғызу және ұсақ бұзақылық фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

– Әрбір жүргізуші қаламыздың көшелері – жарыс алаңы емес екенін түсінуі тиіс. Мұндай жауапсыз әрекеттер тек заң бұзушылық болып қана қоймай, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіреді. Біздің міндетіміз – құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау. Ережені елемеген әрбір азамат заң алдында жауап беретін болады, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Бұл жағдай – қалада жол қозғалысы мәдениетін арттыру және тәртіпсіздіктің алдын алу бағытындағы шаралардың өзектілігін тағы бір рет дәлелдеп отыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті