Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда мас жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда мас жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Polisia.kz

Алматыда мас жүргізушілерге қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтауға бағытталған кең ауқымды рейд ұйымдастырылды. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, алдын алу шарасы барысында мас күйінде көлік басқарған 27 жүргізуші ұсталды.

Сот олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік жаза тағайындап, кемінде 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру туралы шешім шығарды.

Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаевтың айтуынша, көлікті мас күйінде тізгіндеу ауыр зардаптарға әкелетін құқық бұзушылықтардың бірі.

- Тәжірибе көрсеткендей, есірткі немесе алкоголь қолданған жүргізушілер әлі де кездеседі. Мұндай жағдайларда жиі кездесетін сценарий: бір топ адам бірге ішімдік ішеді, содан кейін жүргізуші көлікпен үйіне қайтуға шешім қабылдайды. Ол өзіне тым сенімді болып, еш қиындықсыз жете алатынына сенеді. Алайда өкінішке қарай, мұндай жағдайлар көбінесе ауыр жол-көлік оқиғаларымен аяқталып жатады. Мас жүргізушілер тоқтатылған кезде, олар түрлі сылтау айтып, жауапкершіліктен құтылуға тырысады. Бірі дәрі ішкенін алға тартса, енді бірі тек аз ғана жол жүргенін айтады. Бірақ бұл жерде ешқандай ақталу болмауы керек. Егер адам мас болса, ол рөлге отырмауы тиіс. Әйтпесе, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін. Бұл – өмірдің ащы шындығы: мас жүргізуші – қылмыскер", – деп атап өтті ол.

Демалыс күндері алдыңғы шептегі полиция бөлімшелері 112 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде:

27 – көлік құралын мас күйінде басқару,

1 – жүргізу құқығы жоқ адамның көлік жүргізуі,

16 – қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу,

20 – маневр жасау ережесін бұзу,

10 – апаттық жағдай туындату,

20 – көлікті тұраққа қою ережесін бұзу,

2 – мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көлік құралын басқару.

Алматы қалалық полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мас күйінде рөлге отыру – өз өміріңе де, өзгенің өміріне де қауіп төндіретін ауыр құқық бұзушылық.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді