Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет өрескел бұзған Mercedes көлігінің жүргізушісін анықтап, жауапқа тартты.

– Құқық бұзушы әкімшілік кодекстің жеті бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ол маневр жасау ережелерін бұзған, көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған, апатты жағдай туғызған, көлік құралдарын пайдалану ережелерін сақтамаған, көлікті басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған және пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданған. Бұл әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 95 айлық есептік көрсеткішті (373 540 теңге) құрайтын айыппұл салынды. Сонымен қатар тәртіп бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де жауапқа тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды. Mercedes көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Алматы полициясы «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда. Сонымен бірге азаматтарға жол ережелерін қатаң сақтауды және әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігін күшейтуді ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді