Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте жыл соңына дейін 8 мыңнан аса абонент таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Шымкентте жыл соңына дейін 8 мыңнан аса абонент таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Фото: pixabay.com

Үшінші мегаполистегі Құрсай шағын ауданында таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бірінші кезең негізінде құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Осы бағыттағы шаруаларды екшеп, жұмыс қарқынын бағамдау үшін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аталмыш ауданға ат басын бұрды. 

Әкім Құрсай шағын ауданынындағы инфрақұрылым жүйесі және тұрғындардың жер телімін заңдастыру бойынша өзекті мәселелердің шешімін қарастырды. Шағын ауданды аралау барысында қала басшысы тұрғындардың мәселесімен танысқан соң, құжатсыз үйлерді заңдастыру мақсатында тұрғын үй иелерінің өкілдері және алаяқтықпен жер учаскілерін сатқан азаматтың қатысуымен кездесу өткізіп, мәселені шешу бойынша жауаптыларға тапсырма берді.

Сондай-ақ жаңа құрылыс аумағындағы инфрақұрылым бойынша тиісті басшыларға ауыз су жүргізуді келесі жылдың жоспарына енгізіп, осы жылы уақытша ауыз сумен қамтамасыз етуді жүктеді. Ал асфальт төсеу, қоғамдық көлік жүргізу, электр энергиясын тарту және аялдамалар орнату мәселелерін жүйелі түрде шешу үшін мониторинг жүргізуді тапсырды.

Қазіргі таңда,  Құрсай шағын ауданында таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бірінші кезең бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ауыз су жүйелерінің ұзындығы 185,5 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда құрылыстың 99 пайызы орындалды. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 4 900 абонент тіршілік нәрімен қамтамасыз етіледі. Ал екінші кезеңде су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырымды құрап отыр. Құрылыс 99% аяқталды. Нәтижесінде, жыл соңына дейін 3 436 абонент (17 180 адам) сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Биыл аталған шағын ауданда 11,8 шақырымды құрайтын 17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 12 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды. Ал келесі жылы 11,9 шақырымды құрайтын 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, қала аумағының ұлғаюына байланысты елді-мекенді инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары қазіргі таңда қарқын алған. Күнделікті атқарылып жатқан шаралар қала әкімдігінің басты назарында.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді