Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: Қайнарбұлақ елдімекені сапалы ауыз сумен қамтылды

Шымкент: Қайнарбұлақ елдімекені сапалы ауыз сумен қамтылды
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласына қарасты Қайнарбұлақ елдімекенінде қазіргі таңда 60 мыңнан аса халық қоныстанған. Бұл аумаққа бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатарынан тартылып, қазіргі таңда ауыз су жүйесінің құрылысы толық аяқталды. Елдімекенді тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін мердігер мекеме тарапынан жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізілді.

Қазіргі уақытта бірнеше нысанда су құбырларын тарту жұмыстары атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Құрсай елдімекенінде жалғасуда. Ал Сайрам елдімекеніндегі және Еңбекші ауданының жаңа құрылыс аумағындағы ауыз сумен қамту жұмыстары келесі жылға өтпелі.

Қалада ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98%-дан 99,5%-ға жетті. Аталған нысандардың құрылысы аяқталғаннан кейін елдімекендер сапалы сумен толық қамтылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Үшінші мегаполистің басты талабы – қала орталығы мен шет аймақтағы тұрғын алаптарындағы халықтың тұрмыс-тіршілігінде, инфрақұрылымдық жүйесінде айтарлықтай айырмашылық болмауы тиіс. Сондықтан да Шымкент қаласының аумағына енген елдімекендердегі өзекті мәселелер күн тәртібінен түспейді. Жүйелі жұмыстар жалғасын таба береді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты