Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің әкімдік ғимаратында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтті. Қала басшысының тікелей қабылдауына алдын ала жазылу Шымкент қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі арқылы жүргізілді.«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, бұқараның тыныс-тіршілігімен етене танысып, ашық байланыс орнату – Мемлекет басшысының басты саясаты. Осы мақсатта қалада жеке қабылдау ай сайын өткізіліп келеді.
Кезекті қабылдау барысында қала басшысы тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдап, егжей-тегжейлі жауап берді. Сондай-ақ азаматтар тарапынан көтерілген барлық мәселе заң аясында шешілетінін айтып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Оған қоса, бұқараның өтініш-тілектері ескерусіз қалмайтынын жеткізді.
Бірқатар мәселе қабылдау барысында шешімін тапты. Осы орайда қала әкімі өзекті мәселелерден бөлек, қаланы дамытуда өз жобаларын ұсынған азаматтардың бастамасына қолдау білдіріп, тиісті басқарма басшыларына тапсырма берді.Жеке қабылдау кезінде жер телімін пайдалану, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты сұрақтар мен әлеуметтік мәселелер көп көтерілді. Жалпы, 200-ге жуық азаматтың мәселесі тыңдалды.
Сонымен қатар, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері, департамент пен басқарма басшылары да азаматтардың арыз-шағымдарын қарастырды. Тиісті басшылар мәселелердің тиімді шешу жолдарын түсіндіріп, тұрғындардың өтініштері бақылауда болатынын жеткізді.
14-12-2023, 11:31
Қала әкімінің кезекті қабылдау күні өтті
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз