Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент тапсырмасы аясында жүзеге асып отырған этносаралық медиация аясындағы басқосу

Президент  тапсырмасы  аясында жүзеге асып отырған этносаралық медиация аясындағы басқосу
Фото: El.kz

Шымкент қаласында «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен этномедиацияны дамыту мәселесі бойынша семинар-тренинг өтуде. 

Үш күнге жалғасатын шеберлік-сабаққа Қазақстан халықтары Ассамблеясы қалалық филиалы жанындағы медиация кеңесінің жетекшілері, қоғамдық және кәсіби медиаторлар, шаһардағы 5 аудан әкімдігінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жалпы 50-ден астам адам қатысып жатыр.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып отырған этносаралық медиация аясындағы басқосу Шымкент қаласында екінші рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар семинар-тренингте этносаралық қақтығыстарды реттеу кезінде келіссөз жүргізуді үйреніп, дауды сотқа жеткізбей, татуластырудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Қазіргі кезде Шымкент қаласында 4 медиация орталығы бар. Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ықпалдастық байланыстары орнатылған. Осы орталықтардың 9 медиаторы қалалық Ассамблея жанындағы медиация кеңесінің құрамына қосылды. Ассамблея медиаторларының тізіміне 15 кәсіби және қоғамдық медиаторлар еніп, этномедиация қызметін ілгерілетуге жұмыс атқаруда. Жалпы, дауласқан тараптарды сотқа дейін татуластыру өзекті мәселе екендігі белгілі", – деп атап өтті Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев.

Жыл басынан бері қалада этнос өкілдерінің қатысуымен отбасылық, мұрагерлік, бұзақылық және қоғамдық тәртіпті бұзу секілді 16 жағдай орын алып, ҚХА жанындағы этномедиаторлардың көмегімен тараптар келісімге келген екен.Шеберлік-сабағында «Парасат» медиация және құқық орталығының кәсіби медиаторы Мұхтар Адаев, «Еуразиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің медиаторы Гүлжан Қожахмедова қатысушыларға дискуссия, практикалық талдау дәрістерін өтеді. Оның ішінде этносаралық қақтығыстың туындау себебі, шиеленісуге ықпал ететін факторлар, қақтығыстың анатомиясы, даму фазалары, көпшілік алдында сөйлеу, шешендік өнері шеңберіндегі тақырыптар қамтылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді