Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда әлеуметтік заңгерлер мен Qorgau орталықтарының форумы өтті


Жұма, 23 тамыз күні Алматы қаласындағы Достық үйінде әлеуметтік заңгерлер мен Qorgau орталықтарының «Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттестігі» атты форумы өтті, деп хабарлайды «Qorgau» жобасының баспасөз қызметі.

Іс-шараны «Eurasian Expert Council» қоғамдық қоры Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қолдауымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды. Аталмыш шараның мақсаты – адам құқығын қорғау саласында мемлекеттік құрылымдардың ҮЕҰ-лармен және әлеуметтік заңгерлермен өзара әрекеттестігі механизмін талқылау және енгізу бойынша семинар-тренинг өткізу.


Бұл форум сан түрлі ведомстволық саладағы түрлі ұйымдар сарапшы-құқық қорғаушыларының басын қосқан айрықша сараптау алаңына айналды.

Форумға ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық Келісім» РММ директоры Саттар Мәжитов, Қазақстандағы Адам құқығы және заңдылықты сақтау бойынша халықаралық бюроның төрағасы Евгений Жовтис, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ вице-президенті Гамал Түзелбаев, «Eurasian Expert Council» ҚҚ президенті Чингиз Лепсібаев, ішкі істер басқармаларының басшылары, ҮЕҰ және Алматы қаласы этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты.


Жобаны «Eurasian Expert Council» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранты аясында жүзеге асырды.

Фото: «Qorgau» жобасының баспасөз қызметі
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді