Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Қордай сабақтары» тақырыбына этносаяси дискурс өтті

Нұр-Сұлтанда Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта «Қордай сабақтары» тақырыбына сараптамалық кездесу өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының және ғылыми-сарапшылық кеңестің мүшелері, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің, Мемлекет тарихы институтының, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сарапшылар тобының өкілдері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Кездесуде ҚЭЗИ директорының орынбасары А.Сәдуақасова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Ерлан Саиров, Қанат Нұров сөз сөйледі.

Спикерлер 2020 жылдың ақпан айында Қордай ауданында орын алған оқиғаларға түрлі сараптамалық бағалардың бар екендігін атап өтті. Сонымен қатар тұрақтылықты нығайту мен этносаралық келісімді сақтауда мемлекеттік институттар маңызды рөл атқаратыны туралы пікірлер білдірді.

Сарапшылар ең дамыған демократиялық мемлекеттер де аталған жағдайлардан қорғалмағандығын айтып, республиканың Мемлекеттік рәміздерін қолдану, мемлекеттік тіл мен қазақстандық патриотизмді дамыту бойынша кең түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар талқыланған тақырып бойынша пікір алмасты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты