Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тараздық тұрғыннан 190 келіге жуық каннабис тәркіленді

Тараздық тұрғыннан 190 келіге жуық каннабис тәркіленді
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының Шу ауданында Тараз қаласының 31 жастағы тұрғыны жабайы қарасора дайындау кезінде ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора – 2023″ және “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шаралары барысындағы жедел-іздестіру жұмыстарын Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен және “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді.

Алға ауылының “Қақпақты” учаскесіндегі құмды аймақта ұсталған азамат жабайы қарасораны жинап, 4 қапқа салған. Сондай-ақ орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды.

Сараптама нәтижелері көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 189 келі 940 грамм болатын каннабис есірткі заты деп танылды.

– Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұл бап мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деп хабарлады ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді