Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

1 млн теңгеге есірткі сатуды жоспарлаған жамбылдық тұрғын ұсталды

1 млн теңгеге есірткі сатуды жоспарлаған жамбылдық тұрғын ұсталды
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының Шу ауданында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 47 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел іс-шараларды Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс шарасы аясында ҚР ІІМ-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен және “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп жүргізді.

Жеке тінту жұмыстарын жүргізу барысында жалпы салмағы 3 келі 800 грамм болатын есірткі заты бар пакет табылды. Сараптама қорытындысы бұл гашиш есірткі заты екенін көрсетті. Күдікті бұрын есірткіні белгілі бір орынға жинап көміп қойып, пакетті үйіне алып бара жатқан кезде ұсталған. Ол қара базарда бұл есірткіні 1 млн теңгеге сатуды жоспарлапты. Ер адам осындай есірткі қылмыстары үшін бірнеше мәрте істі болғаны белгілі болды.


– Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бап 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді