Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысының тұрғынынан 125 түп қарасора мен кептірілген марихуана тәркіленді

Жамбыл облысының тұрғынынан 125 түп қарасора мен кептірілген марихуана тәркіленді
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының тұрғынынан 125 түп қарасора мен кептірілген марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласындағы үйінің ауласында қарасора өсіріп, есірткі құралын сақтаған 45 жастағы азаматты ұстады.

“Қарасора – 2023” және “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында жедел ақпаратты іске асыру кезінде күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жүргізілді. Нәтижесінде үйдегі картон қораптан жалпы салмағы 36 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты, ал бақшадағы егілген жүгерінің арасынан жалпы салмағы 36,1 келі болатын 125 түп қарасора табылды.

– Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бап үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді