Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбылдық полицейлер Шу ауданында 280 келіге жуық есірткі затын тәркілеген

Жамбылдық полицейлер Шу ауданында 280 келіге жуық есірткі затын тәркілеген

Жамбылдық полицейлер Шу ауданы Белбасар ауылының маңындағы құмды аймақта орналасқан “Сарғау” учаскесінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтады деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшіі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткінің заңсыз айналымы арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция облыстың полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өткізілді.

Бірқатар іздестіру іс-шаралары өткізіліп, нәтижесінде күдікті ұсталған учаскеден жалпы салмағы 237 келі 234 грамм есірткі, қарасора бұталары табылып, тәркіленді. Тұрғылықты жері бойынша сарайдан жалпы салмағы 12 келі 640 грамм кептірілген марихуана салынған полипропилен қапшық және жалпы салмағы 24 келі 586 грамм гашиш есірткі заты табылды.

– Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, – деп хабарлады полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады