Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбылда үш тұрғыннан қызметтік иттің көмегімен 16,5 келі есірткі тәркіленді

Жамбылда үш тұрғыннан қызметтік иттің көмегімен 16,5 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 9 тамызда “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу-Қордай көлік жолында Audi маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Қордай ауылының үш тұрғынының көлігін тінту барысында полицейлер “Тея” атты қызметтік иттің көмегімен жалпы салмағы 16 келі 550 грамм “марихуана” есірткі заты салынған екі қапты тапты.

Сондай-ақ сол күні Шу-Қордай автокөлік жолында полиция қызметкерлері Toyota маркалы көлігін тоқтатты. Тараз қаласы тұрғындарының көлігін тінту барысында жалпы салмағы 206 грамнан асатын “гашиш” есірткі заты салынған полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

– Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі көлемде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп атап көрсетті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Ұсталған адамдар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады