Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда күнбағыс майын өндіру көлемі 57%-ға артты

Қазақстанда күнбағыс майын өндіру көлемі 57%-ға артты
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қазақстанның май өңдеу кәсіпорындары ағымдағы маркетингтік маусымның алғашқы екі айында 141 мың тоннадан астам өсімдік майын өндірді. Бұл өткендегі сәйкес кезеңмен салыстырғанда 39%-ға жоғары, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы мәліметінше, өндіріс көлемінің ең жоғары өсімі күнбағыс майы сегментінде тіркелді. Атап айтқанда, тазартылмаған күнбағыс майын өндіру 57%-ға, ал тазартылған май өндірісі 39%-ға ұлғайған.

Мамандардың сөзінше, мұндай қарқынды дамуға ықпал еткен бірнеше фактор бар. Олардың қатарында күнбағыс егіс алқаптарының кеңеюі, май өңдеу кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасындағы шикізат сатып алуға арналған форвардтық келісімшарттар негізінде ынтымақтастықтың дамуы, қайта өңдеу қуаттарының артуы және кәсіпорындардың қосылған құны жоғары өнім өндіруге басымдық берілді.

Сонымен қатар қазақстандық май өнімдеріне сыртқы нарықтарда тұрақты сұраныстың болуы өндіріс өсімінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып отыр.

Биылғы жылы Қазақстанда майлы дақылдар егілген алқаптардың жалпы көлемі (мақта егісін есептемегенде) 5,179 млн гектардан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға көп.

Қазіргі уақытта еліміздегі май өңдеу кәсіпорындарының жылдық жиынтық қуаты 5,4 млн тоннадан астам майлы дақыл тұқымын өңдеуге жетеді. Оның ішінде күнбағыс тұқымын өңдеу қуаты 4,6 млн тоннаны құрайды. Алайда егіс алқаптарының ұлғаюына қарамастан, кәсіпорындар әлі де шикізат тапшылығын сезініп, өндірістік қуаттарын толық пайдалана алмай отыр.

МДҚҰҚ өкілдерінің хабарлауынша, саланың алдағы даму бағыты шикізатты терең өңдеуді кеңейтуге және ішкі әрі сыртқы нарықтарға арналған өнім көлемін арттыруға байланысты болмақ.

Атап айтқанда, 2026–2028 жылдары май тазарту қуаттарын 2,1 есеге арттырып, жылына 1 млн тоннадан астам деңгейге жеткізу жоспарланып отыр. Ал өлшеп-оралған тазартылған күнбағыс майының өндірісін 2,4 есеге ұлғайту көзделген.

Бұдан бөлек, 2027–2028 жылдары жылдық өндірістік қуаты тиісінше 72 мың және 50 мың тоннаны құрайтын өсімдік майлары мен маргарин өндіретін екі жобаны іске қосу жоспарланған.

Аталған жобаларды жүзеге асыру Қазақстанның қайта өңдеу әлеуетін нығайтуға, қосылған құны жоғары өнім түрлерін көбейтуге және отандық май  өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды