Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да педагог 4 млн теңгесінен айырылды

СҚО-да педагог 4 млн теңгесінен айырылды
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында 5 мыңнан астам педагог интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған бірыңғай профилактика күні аясында өткен кездесуге қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Петропавл қаласындағы №7 мектепте ұйымдастырылды. Қала мен аудан мектептерінің педагогтері мен білім беру саласының қызметкерлері кездесуге бейнебайланыс арқылы қосылды. Жиында интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері мен одан қорғану жолдары талқыланды. Полицейлердің мәліметінше, жүйелі профилактикалық жұмыстың нәтижесінде облыста интернет-алаяқтық фактілері шамамен үштен бірге азайған. 

Биылғы жылдың 10 айында өңірде 443 осындай қылмыс тіркелсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде олардың саны 632 болған. Тіркелген деректердің 302-сі "айна несие" схемасына қатысты. Интернет-алаяқтықтан зардап шеккендердің қатарында білім беру саласының 35 өкілі бар. Олардың арасында студенттер, педагогтер, кітапханашылар және өзге де қызметкерлер кездеседі. Жәбірленушілердің бірі – мұғалім. Ол өзін электрондық үкімет қызметкері ретінде таныстырған алаяқтардың арбауына түсіп, 4 млн теңгесінен айырылған. 

Белгісіз адам әйелге қоңырау шалып, электрондық цифрлық қолтаңбасының мерзімі аяқталуға жақын екенін айтып, оны ұзарту үшін SMS арқылы келген кодты хабарлауды сұраған. Полицейлер азаматтарға SMS-кодтар мен өзге де құпия мәліметтерді бөгде адамдарға беруге болмайтынын үнемі ескертеді. Сонымен қатар бір ғана SMS-код арқылы өзге адамның атына несие рәсімдеу мүмкін емес екенін атап өтеді.

Алайда алаяқтар осы жағдайды пайдаланып, мұғалімді одан әрі алдаған. Олар оның кредиттік тарихында белгісіз тұлғалар заңсыз несие рәсімдегенін айтып, жалған ақпарат берген. Кейін сол несиелерді «жою» сылтауымен әйелді өз атына несие рәсімдеп, қаражатты "қауіпсіз шоттарға" аударуға көндірген. Алаяқтардың айтқанын орындаған жәбірленуші ақшасынан айырылғанын тек содан кейін ғана түсінген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полицейлер жәбірленушінің ақшасын қабылдап, кейін қылмысты ұйымдастырушыларға аударған төрт дропперді анықтады. Олардың екеуі Қазақстан аумағында, қалған екеуі Өзбекстанда тұрады. Жәбірленуші келтірілген материалдық шығынды азаматтық-құқықтық тәртіппен өндіріп алуға құқылы. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтық фактілері бойынша 26 қылмыстық іс сотқа жолданды. Полиция азаматтарды қырағы болуға, телефон арқылы хабарласқан белгісіз адамдарға жеке деректерін, SMS-кодтарын және банк шоттарына қатысты мәліметтерді бермеуге шақырады. Мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлері ешқашан телефон арқылы құпия кодтарды сұрамайтынын есте ұстаған жөн.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды