Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда тек бір жылда күнбағыс майы 20%-ға қымбаттады

Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушы ел болғанына қарамастан, оның бағасы бір жылда 20% қымбаттаған. Бұл туралы Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасаған Kazlenta.kz хабарлайды. 

Сайттағы мәлімет бойынша, 2022 жылдың қаңтар-мамар аралығында 197,3 мың тонна күнбағыс майы өндірілген. Бұл былтырғыдан 29,6% көп. Ал тазартылмаған күнбағыс майыны өндірісі бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 61,3% артық болған. Ал тазартылған өнімнің өндірісі былтырғыдан 6,9% аз.

"Тазартылмастан сатылатын күнбағыс майының 78%-ын Шығыс Қазақстан өңірі беріп тұр. Ал тазартылған күнбағыс майының 78%ын Шығыс Қазақстан облысы (28,7 мың тонна) мен Шымкент қаласы (22,6 мың тонна) берген. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан күнбағыс майын алып шығуға 31 тамызға дейін шектеу қойды. Сол арқылы сектордағы бағаны тұрақтандырып, тапшылықтың алдын алмақшы. Маусым-шілде айларында күнбағыс майын шығару квотасы 68 мың тонна болып бекітілді", - деп жазады Еnergyprom.kz.
 
Отандық өндірушілер 2022 жылдың ақпан-сәуір айларында күнбағысқа деген сұранысты 83,5% орындаған. Өндіріс көлемі былтырғыдан 16,9% артық. Өндірілген 149,1 мың тонна майдың 66,3 мың тоннасы сыртқа сатылған. Бұл былтырғыдан 71,3% көп. Ал ішкі нарықта күнбағыс майының сатылымы 0,6% ғана артқан. Айта кету керек, Мемлекеттік кірістер комитеті Ауыл шаруашылығы министрінің 17 маусымдағы бұйрығымен ел аумағынан күнбағыс майын әкетуге сандық шектеулер енгізілгенін мәлімдеғен болатын.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді