Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ терроризм туралы жалған хабар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті

ІІМ терроризм туралы жалған хабар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті
Фото: polisia.kz

Бір әзіл жүздеген адамды эвакуациялауға, шұғыл қызметтердің оқиға орнына жетуіне және қылмыстық істің қозғалуына себеп болуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратудың қауіпті екенін ескертеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2026 жылдың басынан бері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың жетеуі - 14 пен 17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар. Ғимараттарға жарылғыш зат қойылғаны және басқа да қауіп-қатерлер туралы жалған хабарламалар тарату - ауыр салдарға әкеп соғатын әрекет. Мұндай хабарламалар телефон, электрондық пошта, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылады.

Көп жағдайда осындай әрекетке өз ісін жай ғана қалжың немесе назар аудартудың амалы деп қабылдайтын жасөспірімдер барады. Интернетте бұл "сваттинг" деп аталады. Бұл кезде хабарламада көрсетілген нысан, яғни мектептер, ауруханалар және басқа да мекемелер эвакуацияланады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен арнайы қызмет өкілдері жіберіледі.

Жүздеген адамның күнделікті жұмысы бұзылып, ресурстар мен қомақты қаражат жұмсалады. ІІМ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын еске салады. Бұл қылмыс үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар кінәлі тұлғалар келтірілген залалды, оның ішінде шұғыл қызметтердің оқиға орнына баруы мен жұмысына жұмсалған шығындарды өтеуге міндеттеледі. Ойланбай жасалған әрекет қылмыстық жазаға ғана емес, отбасы үшін елеулі қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін.

ІІМ ата-аналарға балалардың интернетте немен айналысатынын, кімдермен араласатынын және өз әрекеттерінің салдарын түсіне ме, жоқ па - осының бәрін бақылау маңызды екенін ескертеді. Полиция азаматтарды қауіп-қатер туралы тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ал осындай хабарламалар алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды