Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда қарақшылық жасап, 27 жыл бойы бой тасалаған қылмыскер Ресейде ұсталды

Павлодарда қарақшылық жасап, 27 жыл бойы бой тасалаған қылмыскер Ресейде ұсталды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында полиция департаменті прокуратурамен бірлесіп, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып, бой тасалап жүрген адамдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасырынған қылмыскерлердің жүрген жерін анықтау және ұстауға бағытталған ұйымдастырушылық және жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін тұрақты түрде жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы криминалдық полиция басқармасының жедел-іздестіру тобы Ресей ІІМ жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар жүргізу барысында Мәскеу қаласында іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Ол 1999 жылдан бері Павлодар қаласында жасалған қарақшылық шабуыл үшін полициядан бой тасалап, ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген. 

Жалпы, 2026 жылдың 10 айында барлығы 82 қылмыскер іздеуде болды. Оның ішінде 62 қылмыскерді полицияның аумақтық бөлімшелері биыл іздеуге жариялаған. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген 73 қылмыскер анықталды. Олардың біреуі адам өлтіргені үшін, 3-еуі қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, 3-еуі тонау жасағаны үшін іздеуде болған.Бұл туралы Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Танжанов мәлімдеді.

Сонымен қатар қабылданған шаралар нәтижесінде облыс аумағында шет мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан 31 қылмыскер анықталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шетел мемлекеттерінің аумағында жасырынып жүрген 7 қылмыскер анықталды. Ведомство атап өткендей, іздестіру жұмыстары полицияның жедел-қызметтік қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жазаның бұлтартпастығының негізгі қағидатын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды