Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда майлы дақылдардың егіс алқабы 30% ұлғайды

Қазақстанда майлы дақылдардың егіс алқабы 30% ұлғайды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Өңірлерде егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылы майлы дақылдар 5 млн 179 мың гектар алқапқа егілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 30%-ға жоғары.Әсіресе, негізгі майлы дақыл саналатын күнбағыс бойынша елеулі өсім байқалады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл бұл дақыл 2,2 млн гектар жерге егіліп, рекордтық деңгейге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға көп. Осылайша, соңғы бес жылда күнбағыстың егіс алқабы тұрақты өсіп, 2021 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге ұлғайды.

Негізінен Павлодар, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Бұл өңірлер егіс алқаптарының жалпы өсімінің 90%-ын қамтамасыз етті.

Басқа да майлы дақылдардың, атап айтқанда, зығыр, рапс және мақсарының егіс көлемі де ұлғайтылды.

Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының мәліметінше, егіс алқаптарының ұлғаюына отандық өңдеу кәсіпорындарының майлы шикізатқа деген жоғары сұранысы, сондай-ақ өсімдік майы мен май өнімдерін өткізудің экспорттық нарықтарының кеңеюі себеп болып отыр.

Ағымдағы маусымда қазақстандық өсімдік майы мен май өнімдері 23 елге экспортталуда.

Осының барлығы, Қазақстандағы өсімдік шаруашылығын әртараптандыру үдерісінің үздіксіз қолға алынып жатқанын және ауыл шаруашылығы саласы өндірісінде аталған дақылдар тобының маңыздылығы артып келе жатқанын көрсетеді.

Қазіргі таңда Қазақстандағы майлы дақылдарды өңдеу қуаттылығы жылына 5,2 млн тоннадан асады. Оның ішінде 4,4 млн тоннасы күнбағысқа тиесілі. Сонымен қатар 2026–2028 жылдары Қазақстанда жалпы қуаттылығы жылына 3 млн тоннадан астам майлы дақылды өңдеуге мүмкіндік беретін жаңа май өңдеу кәсіпорындарын салу бойынша ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді