Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да цифрлық қауіпсіздік пен интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

БҚО-да цифрлық қауіпсіздік пен интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды
Фото: polisia.kz

БҚО-да цифрлық қауіпсіздік пен интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселелері Telecommunications Day Conference алаңында көтерілді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

17 мамыр – байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күніне орай өңірде алғаш рет Telecommunications Day Conference іс-шарасы ұйымдастырылды. Конференцияға IT саласының мамандары, байланыс операторлары, мемлекеттік органдар өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлері қатысты. Конференция барысында "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасын жүзеге асыру, елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар бойында мобильді интернет желісін қосу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік, киберқауіптердің алдын алу және интернет-алаяқтықпен күрес тақырыптарына ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Артур Мусагалиев қазіргі цифрлық қоғамдағы интернет-алаяқтықтың өзекті мәселелеріне тоқталды. Ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының түрлері жыл сайын күрделеніп келе жатқанын айтып, азаматтарды күмәнді сілтемелерге өтпеуге, бөгде адамдарға банк картасының деректерін бермеуге және жеке мәліметтердің қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды. Сонымен қатар полиция полковнигі киберқылмысқа қарсы күресте құқық қорғау органдары мен байланыс операторларының өзара іс-қимылы аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, цифрлық сауаттылықты арттыру мен алдын алу шараларын күшейту — интернет-алаяқтыққа қарсы күрестегі басты бағыттардың бірі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді