Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл СҚО-да 362 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген

Биыл СҚО-да 362 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген
Фото: polisia.kz

Биыл СҚО-да 362 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Полицейлер сақтық шараларын түсіндіріп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстанда полицейлер облыс орталығының дәріханаларында кезекті профилактикалық акция өткізді.

Тәртіп сақшылары әкімшіліктің келісімімен парақшалар жапсырып, алдын алу сипатындағы жадынамалар таратты, алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдері туралы айтып, қарт адамдармен әңгімелесті.

Қаскөйлердің ең қауіпті әдістерінің бірі — “банктен қоңырау шалу”. Алаяқ өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, жәбірленушіні миллиондаған несие алуға және қауіпсіз шотқа аударуға сендіреді, шын мәнісінде, қаражат алаяқтардың қолына түседі. Көбінесе қылмыскерлер адамдарға телефондарына қосымшаларды орнату қажет екенін айтып, бөгде операциялардан қорғайды ден сендіреді. Бірақ бұл – құрылғыны қашықтан отырып басқаруға мүмкіндік беретін қосымша. Алаяқтар осындай бағдарламалар арқылы жәбірленушінің телефонын басқарып қана қоймай, оның атынан несие ресімдей алады.

Интернеттегі алаяқтықтың жартысына жуығы осылай жасалады. СҚО-да жыл басынан интернет-алаяқтықтың 362 дерегі тіркелді, оның 140-ы – “банктен қоңыраулар шалу” әдісімен жасалған.

Қорғаудың сенімді әдістерінің бірі – eGov.mobile қосымшасында 6 айға несиелерден ерікті түрде бас тарту қызметін қосу. Бұл функцияны қосқан адамның атына алаяқтар несие ресімдей алмайды. Полицейлер адамдарды осы қызметті пайдалануға үгіттейді.

Осындай жұмыстарды полицейлер “Құқықтық тәртіп” облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізіп жатыр, оның негізгі мақсаттарының бірі – адамдарды интернет-алаяқтардан қорғау.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді