Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында киберқылмыстарды ашу көрсеткіші екі есе артты

Алматы облысында киберқылмыстарды ашу көрсеткіші екі есе артты
Фото: Polisia.kz

Алматы облысында киберқылмыстарды ашу көрсеткіші екі есе артты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы облысында IT-технологиялар саласындағы қылмыстарды әшкерелеу көрсеткіші 52,6%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге артты. Бұл туралы облыстық Киберқылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Сайлаухан мәлімдеді. Бұл жетістік – профилактикалық шаралардың жүйелі ұйымдастырылуы мен киберполиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесі. Ішкі істер министрлігінің 2023–2025 жылдарға арналған "Телефон және интернет алаяқтықтарына қарсы іс-қимыл" бағдарламасы аясында өңірде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

– Наурыз айында киберполиция қызметкерлері ауқымды жұмыстар жүргізді. Ұрланған ақшалай қаражатты криптовалютаға айналдырумен айналысқан дропперлердің ұйымдасқан топтары анықталып, залалсыздандырылды. Сонымен қатар 20-дан астам профилактикалық акция өткізілді, 12 мыңнан астам жадынама таратылды. Облыс аумағында ақпараттық қауіпсіздікке қатысты ескерту сипатындағы билбордтар, стендтер және LED-экрандар орнатылды, – деді Қуаныш Сайлаухан. 

Кибергигиенаға қатысты 25 мектепте арнайы сабақтар ұйымдастырылып, колледж студенттерімен және мешіт жамағатымен кездесулер өтті. Әлеуметтік желілерде интернет-алаяқтықтан қорғану жөнінде бейнероликтер мен полиция басшылығының үндеулері жарияланып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған мақалалар жарық көрді. Бұдан бөлек, Anti-Fraud платформасы арқылы полиция қызметкерлері жалпы сомасы 15 миллион теңгеден астам қаражаттың заңсыз аударылуына жол бермеді. Ұрланған қаражаттың бір бөлігі иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау жұмыстары да белсенді жалғасуда. 

Профилактикалық шараларға жастар ұйымдары мен еріктілер де белсенді қатысуда. Мәселен, Қонаев қаласында "Жастар рухы" еріктілері "Алаяқтықтан қалай қорғануға болады?" атты кең көлемді ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды. Алматы облысында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таппақ. Бұл бағыттағы іс-шаралар облыстық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты