Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да қаңтар айында интернет-алаяқтықтың 23 фактісі тіркелді

СҚО-да қаңтар айында интернет-алаяқтықтың 23 фактісі тіркелді
Фото: polisia.kz

СҚО-да қаңтар айында интернет-алаяқтықтың 23 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстікқазақстандық полицейлер адамдарды интернет-алаяқтардың қаупінен сақтау үшін алдын алу жұмыстарын үнемі жүргізіп тұрады. Бұл жолы тәртіп сақшылары прокурорлармен және Halyk Bank өкілдерімен бірлесіп, Петропавлдағы ірі кәсіпорындардың бірі болып саналатын “Қызылжар су” ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті. Құқық қорғаушылар алаяқтардың кең тараған айла-тәсілдері туралы айтып, профилактикалық бейнероликтер көрсетті, жадынамалар таратты.

Полицейлер келтірген статистикаға сәйкес өткен жылы облыста 771 интернет-алаяқтық тіркелген. Жартысына жуығы, 372 факті – “банктен қоңырау шалу” әдісімен жасалған. Осындай әдісті қолданатын қаскөйлер шекараның арғы жағында отырып арам ойын іске асырады, оларды анықтау қиын. Адамдардың көпшілігі олардың әккі әрекеттеріне сенбейді. Алайда алданып қалатындар да бар. Алаяқтар “жиналған қаражатқа әлдебіреулер қол сұққалы жатыр” дегенді желеу етіп, жәбірленушілерді өз ақшаларын басқа шоттарға аударуға мәжбүрлейді, әбден сенген азаматтар несие алып, оны да белгісіз есепшотқа жібереді. Кездесуге қатысқан банк өкілі шынайы банк қызметкерлерінің бұлайша қоңырау шалмайтынын айтты.

Тағы бір кең таралған схема – тауарлар мен қызметтер туралы жалған хабарландырулар орналастыру. Қылмыскерлер алдын ала төлем талап етіп, байланысқа шығуды доғарады. Алаяқтар көбінесе WhatsApp мессенджері арқылы хабарласады, түрі мен тауарды көрсетпеу үшін бейнеқоңырау арқылы сөйлесуге келіспейді. Бұдан бөлек, сақшылар алаяқтықтың басқа да түрлері туралы айтты.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзидидің айтуынша, профилактикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінеді екен. Бүгінгі таңда бұл қылмыс түрі өзекті проблемалардың біріне айналды. Өңірде қаңтар айында интернет-алаяқтықтың 23 фактісі тіркелді. Жедел уәкілдердің түсіндіру жұмыстары жалғаспақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты