Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан 2,3 млн тонна жаңа өнім астығын экспорттады

Қазақстан 2,3 млн тонна жаңа өнім астығын экспорттады
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қазақстан жыл сайын жаңа өнім астығының экспортын ұлғайтып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қыркүйек - қазан аралығында шетелге 2 млн 262 мың тонна астық жөнелтілді. Бұл өткен маусымның сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2%-ға жоғары.
Былтыр аталған мерзімде 2 млн 219 мың тонна астық экспортталған болатын.

Экспорт көлемінің өсімі қалыптасқан өткізу нарықтарында да, жаңа бағыттарда да байқалады.

Мәселен, дәстүрлі экспорт нарықтарына астық жеткізу көлемі 1,2%-ға артып, 1 млн 430 мың тоннаны құрады. Атап айтқанда, Өзбекстанға жөнелтілген астық көлемі 1,3%-ға өсіп, 1 млн 63 мың тоннаға, Тәжікстанға жеткізілім 19%-ға артып, 351 мың тоннаға жетті.

Қытай мен Ауғанстан бағыттарында да айтарлықтай қарқын тіркелді. Қытайға астық экспорты 2,6 есеге артып, 145 мың тоннадан 373 мың тоннаға дейін, ал Ауғанстанға жеткізілім 1,9 есеге өсіп, 104 мың тоннадан 200 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Қазақстандық бидай экспорты бойынша да өсім сақталып отыр. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында бидай экспортының көлемі 6,1 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артты (5,3 млн тонна).

Қазақстандық бидайдың негізгі сатып алушылары қатарында Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан бар. Өзбекстанға экспорт 49%-ға өсіп, 3,8 млн тоннаны, Тәжікстанға жеткізілім 13,6%-ға артып, 1 млн тоннаны құрады. Ал Ауғанстанға бидай экспорты 3,4 есеге ұлғайып, 663 мың тоннаға жетті.

Сонымен қатар қазақстандық бидай экспортталатын елдердің аумағы да кеңейіп келеді. Туниске 23,3 мың тонна, Францияға 6 мың тонна бидай жөнелтілді. Иранға экспорт көлемінің де едәуір өскені байқалады. Бұл елге жеткізілген бидай көлемі 67 мың тоннаны құрады.

Астық экспортының ұлғаюы қазақстандық астыққа деген тұрақты сұранысты және отандық өнімнің халықаралық нарықтардағы позициясының нығайып келе жатқанын көрсетеді. ‎

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды