Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда ағымдағы жылдың 10 айында 12,1 млн тонна астық тасымалданды

Қазақстанда ағымдағы жылдың 10 айында 12,1 млн тонна астық тасымалданды
Фото: kazlenta.kz / создано с помощью ИИ

2026 жылдың 10 айында теміржол көлігімен 12,1 млн тонна астық тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 9%-ға жоғары. Былтыр тасымалдау көлемі 11,2 млн тоннаны құраған болатын, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде экспорттық тасымал көлемі 9,4 млн тоннаға жетіп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артты (8,5 млн тонна).

Экспорттың негізгі көлемі Орталық Азия елдеріне тиесілі – 6,2 млн тонна. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27%-ға жоғары. Оның ішінде Өзбекстанға 4,6 млн тонна (+35%), Тәжікстанға – 1,3 млн тонна (+18%) астық жөнелтілді. Ауғанстанға 855 мың тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,4 есе көп. Қытайға тасымал көлемі 65%-ға артып, 935 мың тоннаны құрады.

Қазіргі уақытта жаңа егін астығын тасымалдау жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың қазан айында теміржол көлігімен 1,4 млн тонна астық тасымалданды.

Үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жылжымалы құрамның жеткілікті паркі бар. Қазіргі уақытта 16,9 мың астық тасығыш, 17,8 мың жабық вагон және 2 мыңнан астам локомотив бар. Қолда бар ресурстар астықты толық көлемде тасымалдауға жеткілікті. Қажет болған жағдайда тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қосымша мүмкіндіктер қарастырылған.

Жаңа егін астығын тұрақты әрі уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі теміржол тасымалдарын ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі Астық штабын құрды. Штаб тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етіп, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамның дайындығына мониторинг жүргізеді, сондай-ақ туындаған мәселелерді жедел шешу бойынша жұмысты үйлестіреді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды