Петропавлда полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ 300-ге жуық тұлға қабылдап-тарату орнына жеткізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тұрғылықты үй-жайы жоқ адамдардың өміріне қауіп төнуінің алдын алу және криминогендік жағдайды сауықтыруға ықпал ету мақсатында Петропавл қаласы полиция басқармасы қабылдап-тарату қызметкерлері күнделікті жұмыс атқаруда. Қабылдап-тарату орнының іріктеу тобы күн сайын белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың болуы ықтимал орындарға рейдтер жүргізеді.
Топ негізінен түстен кейін жұмыс істейді. Тәртіп сақшылары жылу құбырларын, құдықтарды, базар маңын, шатырлар мен жертөлелерді және басқа да жерлерді тексереді. Үйсіздердің жеке басын анықтау, саусақ таңбаларын алу және фото-бейне есепке алынуы үшін жеткізіледі. Полиция қызметкері әрқайсысын іздеуде жүргендер, хабар-ошарсыз жоғалғандардың немесе қылмыс жасады деп күдіктілердің тізімі бойынша тексеріледі.
– Қатты аяз кезінде бұл жұмыс аса өзекті. Тұрғылықты жері жоқ адамдардың үсіп қалуын болдырмау үшін қажетті тексерулерден кейін олар түнеу орнына жеткізіледі. Бұдан басқа, қабылдап-тарату орны мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тұрғындардың мазасын алатын тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдары туралы шағымдарға ден қояды. Қабылдап-тарату орнына күн сайын 33-45 жас аралығындағы 20-ға жуық адам жеткізіледі. Әлеуметтік оңалту орталығымен өзара әрекеттесу арқылы тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалардың әрбірі мамандардың кеңесін алып, қалыпты өмірге оралудың мүмкіндіктері туралы білуге мүмкіндік береді, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы қабылдап-тарату орнының бастығы Болат Баймақанов.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қаңғыбастардың жеке басын анықтау үшін 284 рет арнайы орынға жеткізген. Құжаттары болмаған 23 адам сот санкциясымен қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар анықталған жағдайда олар туралы полицияға 8 (7152) 52-92-99 қабылдап-тарату орнының телефонына немесе “102” арнасына хабарлауға болады.