Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өткен жылы Қостанай облысында полицейлер үйсіз жүрген 115 адамға көмек көрсетті

Өткен жылы Қостанай облысында полицейлер үйсіз жүрген 115 адамға көмек көрсетті
Фото: polisia.kz

Өткен жылы Қостанай облысында полицейлер үйсіз жүрген 115 адамға көмек көрсетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

80-ге жуық адам бейімдеу және оңалту орталығына жіберілді. 25 адамға құжаттандыруға көмек көрсетілді, 7 адам медициналық мекемелерге емделуге орналастырылды. Қазіргі уақытта қабылдап-тарату орнындағы 53 жастағы Виктордың айтуынша, ол бірнеше жыл бұрын құжаттарын жоғалтқан, сондықтан жұмысқа тұруға мүмкіндігі жоқ. Туыстары болмағандықтан, көшеде тұруға мәжбүр.

Қабылдау-тарату орнында белгілі бір тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдар ұсталады. Олар құқық бұзушылықтың алдын алу және жеке басын анықтау үшін жеткізіледі.

Қостанай қаласы ПБ қабылдау-тарату мекемесінің бастығы Нұрғалиев Әлібек мұнда өткен жылы құжаттары жоқ 190-ға жуық үйсіз адам орналастырылғанын атап өтті. Адамдар бұл мекемеге 30 тәулікке дейін ұсталады.

Қыста белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар жылу трассасының құбырларында, қараусыз қалған немесе жертөле, үй-жайларында жылынады. Күн сайын полицейлер 10-15 шақты үйсіз адамдарды анықтайды және олар тоңып қалмас үшін ІІО-ның жоғарыда аталған үй-жайына жеткізеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді