Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция заңсыз көші-қон деректерін анықтады

Алматыда полиция заңсыз көші-қон деректерін анықтады
Фото: polisia.kz

Алматыда полиция заңсыз көші-қон деректерін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының Бостандық ауданында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Үш күнге созылған жұмыс қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 135 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 16 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, 27 адам жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына жеткізілді, ал 23 қабылдаушы тұлға жауапкершілікке тартылды.

Іс-шара барысында көші-қон полициясының қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ күйде СПА-салондардың бірінде және құрылыс нысанында болған азаматтарды анықтады. Аталған тұлғалардың барлығы жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Алматы қаласы полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаевтың айтуынша, негізгі міндет – шетел азаматтарының заңсыз болуына байланысты туындауы мүмкін қауіптердің алдын алу.

– Біз азаматтардың ел аумағында болу заңдылығын, тіркеу талаптарының сақталуын және қабылдаушы тараптардың жауапкершілігін тексеру арқылы қаладағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейміз, – деп атап өтті ол. 

Полиция азаматтар мен ұйымдарды көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға және шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында заңды негізде болуын қамтамасыз етуге шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады