Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 1 500-ден астам оқушы екінші тоқсанды жаңартылған ғимараттарда бастады

Алматыда 1 500-ден астам оқушы екінші тоқсанды жаңартылған ғимараттарда бастады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Медеу ауданындағы №56 Қ. Сәтбаев атындағы гимназия мен №17 мектеп-интернат күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Жаңа зертханалар, жаңартылған оқу кабинеттері мен спорт алаңдары оқушылардың игілігіне берілді. Бүгін гимназияның 1 400 оқушысы мен мектеп-интернаттың 166 тәрбиеленушісі жаңартылған ғимараттарда оқуын жалғастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№56 гимназияда ғылым мен технологияны меңгеруге мүмкіндік жасалды. Мұнда робототехника кабинеті мен заманауи зертханасы бар STEM кабинеті ашылды. Физика және химия зертханасы жаңартылып, оқу кабинеттері жаңа жиһазбен және компьютерлік техникамен жабдықталды.

Сабақтан тыс уақытта пайдаланылатын орындар да жаңарды. Мәжіліс залы кеңірек бөлмеге көшіріліп, жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілді. Кітапхана жаңғыртылды. Спорт залы кеңейтіліп, душ бөлмесі бар киім ауыстыратын орындар жабдықталды. Гимназия аумағындағы футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолы да жаңартылды.

№17 мектеп-интернатта оқу және жатын бөлмелерінің бәрі жөндеуден өтті. Балалар мұнда аптасына бес күн болғандықтан, оқу кабинеттерін жабдықтаумен қатар, олардың тұрмыс жағдайына да ерекше көңіл бөлінді. Жатын бөлмелерге жаңа кереуеттер мен жиһаздар қойылды. 120 орындық асхана жаңа техникамен жабдықталды. Тәрбиеленушілер күніне бес рет ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Тарих, биология және ағылшын тілі кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен толықты. Мектеп-интернатқа интерактивті тақталар орнатылып, спорт залы мен спорт алаңы жаңартылды.

Ғимараттардың қауіпсіздігіне де айрықша назар аударылды. №17 мектеп-интернатта сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілді. Ал №56 гимназияда инженерлік желілер, бейнебақылау және өрт дабылы жүйелері жаңартылды.

Жаңартылған ғимараттарға оралған оқушылар екінші тоқсанды жайлы әрі қауіпсіз ортада бастады. Енді олардың сапалы білім алып, шығармашылықпен айналысуына және спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды