Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Қала күніне орай №17 мектеп-интернатты жаңғырту жұмыстары аяқталды

Алматыда Қала күніне орай №17 мектеп-интернатты жаңғырту жұмыстары аяқталды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Қала күніне орай 250 орындық №17 мектеп-интернат ғимаратын сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ғимарат 1963 жылы салынған. Мұнда соңғы рет күрделі жөндеу 2000 жылдары жүргізілген. Бүгінде нысан толықтай жаңартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында оқу және жатын корпустарының көтергіш құрылымдары күшейтіліп, шатыры, қасбеті мен ішкі бөлмелері жөнделді. Инженерлік желілер толығымен жаңартылып, өртке қарсы қорғаныс, бейнебақылау, кіруді бақылау және байланыс жүйелері жаңғыртылды.

Оқушылар үшін оқу кабинеттері, информатика кабинеті, ақпараттық-кітапхана орталығы, медициналық блок, спорт залы және 100 орындық асхана қарастырылған.

Мектеп аумағы да айтарлықтай өзгерді. 1,35 гектар аумақта баскетбол және волейбол алаңдары, әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары, мектептегі іс-шаралар өткізуге арналған алаң, демалыс аймақтары мен жүргіншілер жолдары жабдықталды. Аумақ көркейтіліп, көгалдандырылды, сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылды.

Сондай-ақ ғимаратта ерекше қажеттілігі бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылды.

Жаңғыртудан кейін 60 жылдан астам тарихы бар мектеп жұмысын қауіпсіз әрі жайлы жағдайда жалғастырады.

№17 мектеп-интернатты жаңарту — Алматының білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі. Биыл қалада 31 білім беру нысанында жұмыстар қолға алынған. Оның ішінде жаңа мектептер мен қосымша ғимараттар салу, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттарды жаңғырту және сейсмикалық күшейту жұмыстары бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді