Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің екі өңірінде жайлы мектеп ашылды

Еліміздің екі өңірінде жайлы мектеп ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қостанай облысының Арқалық қаласында және Жамбыл облысының Тараз қаласында тағы екі жайлы мектеп ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Арқалықтағы мектеп 300 орынға арналған, онда балалардың бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында заманауи жабдықтармен жарақтандырылған 26 оқу кабинеті бар.

Айта кететіні, мектепте оқушылардың IT-құзыреттілігін, ғылыми және шығармашылық әлеуетін қолдау үшін заманауи робототехника кабинеттері, компьютерлік сыныптар және STEM-зертханалары да қарастырылған. Естеріңізге сала кетейік, жуырда осы өңірдің Заречный ауылында да жаңа жайлы мектеп қолданысқа берілген болатын.

Тараз қаласында да 1200 орындық жайлы мектеп оқушыларға өз есігін айқара ашты. Мектеп ғимаратында мәжіліс залы, 60-қа жуық оқу кабинеті, асхана, 2 спорт залы, 2 лингафон кабинеті, 3 зертхана, кітапхана, компьютер залдары, сонымен қатар 3 шеберхана мен 10 коворкинг-орталық бар. Бұл Жамбыл облысында ашылып отырған екінші жайлы мектеп.

Айта кету керек, жыл басынан бері елімізде 84 мың оқушы орнына арналған 32 жайлы мектеп ашылды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді