Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада азаматтарды шет елде жұмысқа орналастырамын деп алдаған күдікті ұсталды

Елордада азаматтарды шет елде жұмысқа орналастырамын деп алдаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері азаматтарды шет елде жұмысқа орналастырамын деп алдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілерде шетелде жоғары жалақылы жұмыс ұсынатыны туралы хабарландырулар жариялаған. Ол хабарласқан азаматтарға жұмыс тауып беруге, виза рәсімдеуге, қажетті құжаттарды дайындауға және жұмыс берушімен келіссөз жүргізуге көмектесетінін айтып, сенімдеріне кірген. Алайда уәде етілген қызметтерді орындамай, жәбірленушілерден алдын ала ақша алып отырған. Анықталғандай, жәбірленушілердің бірі оған 800 мың теңге берген.

Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас тәсілмен 100-ден астам азаматты алдағаны анықталды. Тергеу барысында басқа да жәбірленушілер анықталуда, келтірілген материалдық шығын көлемі нақтылануда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Полиция азаматтарға шетелде жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстарға сақтықпен қарауды, жұмысқа орналастыру қызметтерін ұсынатын ұйымдардың заңдылығын тексеруді және қызмет көрсетілмей тұрып ақша аудармауды ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды