Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада тәртіп сақшылары туристік алаяқтық дерегін әшкереледі

Елордада тәртіп сақшылары туристік алаяқтық дерегін әшкереледі
Фото: polisia.kz

Елордада тәртіп сақшылары туристік алаяқтық дерегін әшкереледі, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Елордада Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде азаматтарды шетелге арзан тур рәсімдеп беремін деп алдаған 32 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті бастапқы кезеңде таныстарын бір-екі рет шетелге шынайы түрде жіберіп, олардың сеніміне әдейі кірген. Кейін өзін делдал ретінде таныстырып, Түркияға тур пакеттерін рәсімдеп беруді ұсынған. Алайда жәбірленушілерден алдын ала төлем алған соң, байланысын үзіп отырған. Қазіргі уақытта оның екі алаяқтық дерегіне қатыстылығы анықталды.

Жәбірленушілердің біріне келтірілген материалдық шығын көлемі 5 млн 700 мың теңгені құрайды. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, алынған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын жеткізді. Полиция азаматтарға туристік қызметтерді тек ресми тіркелген агенттіктер арқылы рәсімдеуді қатаң түрде ұсынады. Сондай-ақ белгісіз делдалдардың уәдесіне сенбеу, турфирманың лицензиясын, нақты мекенжайын және ресми байланыс нөмірлерін мұқият тексеру – мұндай алаяқтық әрекеттердің алдын алудың тиімді жолы екенін ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады