Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана тұрғынын 4 млн теңгеге алдаған жалған кеңесші әшкереленді

Астана тұрғынын 4 млн теңгеге алдаған жалған кеңесші әшкереленді
Фото: polisia.kz

Астанада полицейлер алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен 29 жастағы азаматты анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті өзін консалтингтік компанияның қызметкері ретінде таныстырып, мемлекеттік гранттарды рәсімдеу саласында қызмет көрсететінін айтқан. Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, қысқа мерзім ішінде мемлекеттік грант алуға көмектесетінін уәде еткен. Күдікті грантты мақұлдату, құжаттарды дайындау және түрлі ұйымдастыру шығындарын сылтау етіп, жәбірленушіден бірнеше рет ақша алған.

Алайда уәде етілген грант берілмеген, ал алынған қаражат өз мақсаттарына жұмсалғаны анықталды. Осылайша жәбірленушіге 4 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас өзге де алаяқтық әрекеттерге қатысы бар-жоғын анықтауда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді