Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

34 млн теңгенің алтынын алдап алған: Ақтауда алаяқтық жасаған екі күдікті құрықталды

34 млн теңгенің алтынын алдап алған: Ақтауда алаяқтық жасаған екі күдікті құрықталды
Фото: polisia.kz

Ақтауда 34 млн теңгеден астам алтын бұйымды алаяқтық жолмен иемденді деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері жалпы құны 34 млн теңгеден асатын алтын бұйымдарды алаяқтық жолмен иемденді деген күдікпен екі адамды ұстады. Ақтау қаласының 4-шағын ауданындағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан зергерлік дүкенде әйел адам сатушының сеніміне кіріп, алты алтын бұйымды иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, әйел өзін дүкен иесінің танысының қызы ретінде таныстырып, алтын әшекейлерді жеңілдікпен сатып алуды сылтау еткен. Осылайша ол сатушыны алтын бұйымдарды өзіне беруге көндірген. Кейін тауардың ақысын төлеместен дүкеннен шығып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмысқа Алматы қаласынан Ақтауға барған екі азаматтың қатысы болуы мүмкін екенін анықтады. 24 қазанда күдіктілер Атырау облысының Сағыз ауылы маңында Toyota Camry автокөлігімен өңірден кетуге әрекеттенген кезде ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында полиция қызметкерлері алты алтын бұйымды тауып, тәркіледі. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды