Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңаөзенде 15 миллион теңгенің алтын бұйымын ұрлаған күдікті қолға түсті

Жаңаөзенде 15 миллион теңгенің алтын бұйымын ұрлаған күдікті қолға түсті
Фото: polisia.kz

Жаңаөзенде сауда орталығынан жалпы құны 15 миллион теңге болатын алтын бұйымды ұрлады деген күдікпен 19 жастағы жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

10 қазанда күдікті сауда орталығының екінші қабатында орналасқан зергерлік бұйымдар бөліміне заңсыз кіріп, гауһар тастары бар 24 жұп алтын сырға мен 24 алтын сақинаны ұрлап кеткен. Жәбірленуші бейнебақылау камераларының жазбаларын қарау барысында ұрлық дерегін анықтаған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 15 миллион теңгені құрады.

15 қазанда полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Күдікті ұрлық жасағанын мойындап, ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып жібергенін хабарлады. Қазіргі уақытта ұрланған бұйымдарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды