Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада сатушыны алдап, 3 млн теңгенің алтындарын иемденген күдікті құрықталды

Елордада сатушыны алдап, 3 млн теңгенің алтындарын иемденген күдікті құрықталды
Фото: polisia.kz

Елордада сатушыны алдап, 3 млн теңгенің алтындарын жымқырған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордалық полицияға алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкер арызбен жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, клиенттерінің бірі оның бутигінен 3 миллион теңгеге тауар алып, ақшасын төлемей, алдап кеткен.

Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 38 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында анықталғандай, әйел жәбірленушіден бірнеше рет үлкен сомада алтын бұйымдар сатып алып жүрген. Осылайша сатушының сеніміне кірген алаяқ кезекті саудасын жасауға келіп, тауарды қарызға алып кеткен. Қаскүнем ақшаны қысқа мерзімде әкеліп беремін деген уәде беріп, келесі күні әртүрлі сылтау айтып, уәдесін орындамай хабарсыз кеткен.Алаяққа алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйелдің елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты