Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада алтын бұйымдарды ұрлаған әйел ұсталды

Астанада алтын бұйымдарды ұрлаған әйел ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада алтын бұйымдарды ұрлаған 30 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлаған 30 жастағы әйел ұсталды. Полицияға дүкен өкілі белгісіз әйелдің бутиктен алтын әшекейлерді ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Дүкен қызметкерлері жоғалған заттарды тауар түгендеу кезінде анықтаған. Бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарау барысында, сатушы басқа клиентке назар аударған сәтте жас әйелдің алтын әшекейлерді байқатпай алып кеткені белгілі болған. Тергеу барысында күдіктінің мұндай қылмысты бұрын да жасағаны анықталды. Ол бірнеше күн қатарынан зергерлік дүкеннен ұрлық жасап жүрген. Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында дүкен ішіндегі алтын бұйымдарды жасырын түрде, еркін кіру арқылы ұрлаған 30 жастағы күдіктінің жеке басын анықтады. Ұрланған заттардың жалпы құны 4 миллион теңгеден асады. Күдікті өз қылмысын мойындап, ұрлаған бұйымдардың бір бөлігін ломбардқа өткізіп, ақшасын жұмсап үлгергенін айтқан. Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Астана қаласы полиция департаменті кәсіпкерлерді аса сақ болуға шақырады, сондай-ақ мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабылқаққыш жүйелер мен бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді