Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда зергерлік бұйымды тонады деген күдікпен ер адам ұсталды

Оралда зергерлік бұйымды тонады деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Орал қаласында зергерлік бұйымды тонады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері ломбардтан алтын алқаны ашық түрде ұрлады деген күдікпен Бәйтерек ауданының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Күні кеше полицияға қаладағы ломбардтардың бірінің қызметкерлерінен қоңырау түсіп, белгісіз ер адамның сатып алушы ретінде кіріп, зергерлік бұйымды иемденіп кеткені хабарланды. Ломбард қызметкері оған алтын алқаны көрсеткен кезде, күдікті оны жұлып алып, қашып кеткен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жетті. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті "ізін суытпай" анықталып, ұсталды.

Тергеу барысында оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тонау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты