Астанада полицейлер зергерлік бұйымдарды ұрлау дерегін жедел түрде ашты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алтын әшекейлерінің жоғалғаны туралы әйел адам полицияға арызданған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды — ол жәбірленушінің танысы болып шыққан және бұған дейін оның үйінде қонақта болған. Тергеу барысында белгілі болғандай, ол кетіп бара жатып, жасырын түрде алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 миллион теңгеден асты. Ұрланған бұйымдарды күдікті ломбардқа тапсырған.
Полиция қызметкерлері күдіктіні арыз түскеннен кейін келесі күні-ақ анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарға бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және үйге кіріп-шығатын адамдарға мұқият болуды ескертеді. Заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.