Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кентауда 9 миллион теңге шығын келтірген ұрлық дерегі бойынша күдікті ұсталды

Кентауда 9 миллион теңге шығын келтірген ұрлық дерегі бойынша күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Кентауда 9 миллион теңге шығын келтірген ұрлық дерегі бойынша күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз тұлғалар зергерлік шеберхана-дүкеннің есігін бұзып кіріп, алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 9 миллион теңгені құрады. Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын және өзге де айғақтарды зерделеп, ұрлық жасады деген күдіктінің ізіне түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бұрын сотталған жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстады. Жүргізілген тінту кезінде ұрланған ақшаның бір бөлігі және басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бағытында қажетті тергеу әрекеттерін жалғастыруда. Полицейлер азаматтарды сақтық шараларын ұстануға, құнды заттарды сенімді жерде сақтауға және ұрлық пен өзге де құқыққа қарсы әрекеттер орын алған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді