Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мектеп оқушылары арасында қалалық робототехника және STEM чемпионаты өтті

Астанада мектеп оқушылары арасында қалалық робототехника және STEM чемпионаты өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанадағы №113 «Келешек» мектебінде BOLASHAQ LEAGUE 2026 қалалық робототехника және STEM чемпионаты өтті. Оның барысында қатысушылар жобаларын таныстырып, техникалық тапсырмаларды орындайды және қазылар алқасының бағалауынан өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны мектеп пен Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы бірлесіп ұйымдастырды. BOLASHAQ LEAGUE чемпионатының мақсаты – оқушылар мен педагогтердің инженерлік ойлауын, шығармашылық қабілеттерін және цифрлық құзыреттерін дамыту, робототехника, STEM және жасанды интеллект бағыттарына қызығушылықты арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Чемпионатқа Астана қаласының 23 мектебінен қатысушылар қатысты. Бағдарлама оқушылардың техникалық шығармашылығын, педагогтердің жобалық шешімдерін және инклюзивті білім берудегі ортақ әрекетті қолдауға бағытталған үш санатты қамтыды.

BOLASHAQ LEAGUE – технологияны меңгерумен қатар, бірлесіп ойлау, мәселені шешу, идеяны нақты жобаға айналдыру және әр баланың мүмкіндігін қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған алаң. Сайыс жас ұрпақтың инженерлік әлеуетін ашуға және педагогтердің инновациялық тәжірибесін дамытуға үлес қосады.

«Бұл сайыс робототехника жасаудың қыр-сырынан хабардар болуға негіз болады. Соның арқасында әр баланың ішінде жатқан талантын ашу діттелді. Бұған дейін де өнертапқыш өрендер сұрыптау, өңдеу бағытында еңбектеніп көрді, нәтиже де бар. Бұндай сайыстар біліктілікті арттырып, жаңа технологияларды тез игеріп, кәделі іспен айналысуға септеседі», – деді информатика пәнінің мұғалімі Жасұлан Қабденұлы.

Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша үздік командалар мен жобалар анықталып, арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды