Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық мектепте STEAM және ЖИ-ге негізделген білім берудің жаңа моделі таныстырылды

Елордалық мектепте STEAM және ЖИ-ге негізделген білім берудің жаңа моделі таныстырылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінде «Жасампаздық мектебі: STEAM және AI құралдары арқылы білім берудің заманауи моделі» тақырыбында мектеп директорлары мен ақпараттық технологиялар бағытына жауапты директордың орынбасарларына арналған қалалық семинар өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен «CYBERPACK» ЖШС бірлесіп өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында STEAM бағыттарын дамыту, жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне тиімді енгізу және мектептердің цифрлық трансформациясын қолдау.

Семинар барысында қатысушылар білім беру жүйесінде кеңінен қолданылып келе жатқан заманауи технологиялардың мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар STEAM білім беру бағытының артықшылықтары, жасанды интеллект негізіндегі цифрлық құралдарды сабақ барысында қолданудың тиімді жолдары талқыланып, білім беру саласындағы озық тәжірибелер ортаға салынды.

Жаңа оқу кеңістігінде оқушылар STEAM, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бағыттары бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, инновациялық құралдармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл өз кезегінде білім алушылардың технологиялық сауаттылығын арттырып, болашақ мамандықтарға бейімделуіне ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі