Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ұстаздардың біліктілігін арттыруға бағытталған халықаралық оқыту жобасы басталды

Астанада ұстаздардың біліктілігін арттыруға бағытталған халықаралық оқыту жобасы басталды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға арналған халықаралық оқыту жобасы іске қосылды. Бастама Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жобаны Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» Түркияның «TİKA» халықаралық түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оқыту бағдарламасы елорда мектептері педагогтерінің кәсіби әлеуетін арттыруға және халықаралық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізуге бағытталған.

Жобаның негізгі мақсаты – шетелдік озық тәжірибені Астана мектептерінің тәжірибесіне бейімдеу арқылы «Келешек мектеп» бағдарламасы аясында елорданың білім беру жүйесінің инновациялық әлеуетін дамыту. Оқыту курстары педагогтер үшін толықтай тегін және бюджеттен тыс қаражат есебінен ұйымдастырылған.

Бағдарлама аясында мұғалімдер «STEM интеграцияланған оқыту» және «Ойын технологиялары арқылы оқыту» бағыттары бойынша білімдерін жетілдіреді. Бұл тәсілдер оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Халықаралық курсқа Астана қаласының жалпы орта білім беру ұйымдарынан 111 педагог қатысуда. Сабақтар №103 жалпы орта білім беретін мектептің базасында «Келешек мектеп» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр.

Мұндай халықаралық ынтымақтастық педагогтердің кәсіби дамуына жаңа мүмкіндік беріп қана қоймай, заманауи оқыту әдістемелерін білім беру тәжірибесіне енгізуге, тәжірибе алмасуға және елорда мектептеріндегі білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді