Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

V Азия Пара ойындарында күміс жүлде алған спортшылар елге оралды

V Азия Пара ойындарында күміс жүлде алған спортшылар елге оралды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанадағы Н. Назарбаев әуежайында V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегерлері Әли Тұрғанбеков пен Сиязбек Далиевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жапонияда өткен құрлықтық додада ел намысын қорғаған спортшыларды «Елорда» спорт клубының ұжымы, жақындары, қолдаушылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері күтіп алып, жетістіктерімен құттықтады.

Әли Тұрғанбеков жарыстан алған әсерімен бөлісіп, екі күміс медальдің өзі үшін маңызын атап өтті. Сондай-ақ дайындыққа жағдай жасап, қолдау көрсеткен Астана қаласының спорт басқармасына алғысын білдірді.

Сиязбек Далиев те жарыстағы әсерін жеткізіп, эстафетадағы жетістікке команданың бірлескен еңбегімен қол жеткізгенін айтты. Спортшы қалалық спорт басқармасына көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Жарыс кезінде ұлының жанында болған Әлидің анасы да алған әсерін жеткізді. Ол трибунадан ұлына жанкүйер болып, әр сәтте ерекше толқығанын, Әлиді ғана емес, ел намысын қорғаған спортшыларымызды мақтан тұтатынын жеткізді. Сондай-ақ спортшыларға қолдау білдірген барша жанға алғысын айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды