Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана әуежайында көркем гимнастикадан Азия чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Астана әуежайында көркем гимнастикадан Азия чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана халықаралық әуежайында Бішкектегі көркем гимнастикадан Азия чемпионатында ел намысын абыроймен қорғаған қазақстандық спортшыларды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тек елордалық спортшылардан құралған Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншілік қорытындысы бойынша 15 медаль жеңіп алып, ел намысын халықаралық аренада лайықты қорғады. Жүлдегерлер қатарында Ақмарал Ерекешева, Айғаным Рысбек, Анель Дінішева, Анна Рубцова және басқа да елордалық гимнастар бар.

Әуежайда спортшыларды туған-туыстары, достары, бапкерлері мен жанкүйерлері қарсы алды. Олар үшін музыкалық аспаптармен, дәстүрлі дәммен, гүлдермен, тулармен мерекелік кездесу ұйымдастырылды.

Бішкекте өткен Азия чемпионаты елордалық спортшылар үшін табысты болды. Қазақстан қоржынында 2 алтын, 10 күміс және 3 қола медаль бар.

Мәселен, Линара Жайлауова шығыршықпен жаттығуда Азия чемпионы атанса, Анель Дінішева таспамен жаттығуда алтыннан алқа тақты. Ақмарал Ерекешева медальдар қоржынын үш марапатпен толықтырса, Анна Рубцова мен Айғаным Рысбек жекелеген бағыттар бойынша күміс жүлдегер атанды.

Астана қаласының №1 МОРМБЖМ аға жаттықтырушысы Меруерт Балғынбаева бұл чемпионат алдағы Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңі болғанын атап өтті.

«Бұл Азия чемпионаты біз үшін өте қиын өтті, өйткені ересектер командасына да, жасөспірімдер командасына да Астанадан барған спортшылар қатысты. Жалпы еліміздің атынан 8 ересек және 10 жасөспірім қатысты. Жаттықтырушы ретінде айтарым, біз нәтижелерге көңіліміз толады. Біз көптеген медальдарға қол жеткіздік. Азия чемпионатына арнайы келіп, барлық күндері команданың жанында болған ұлттық құраманың бас бапкеріне ерекше алғыс айтқым келеді. Бұл жаттықтырушылар үшін де, спортшылар үшін де өте маңызды – оның қолдауы мен құнды нұсқаулары қыздарымыздың лайықты өнер көрсетуіне көмектесті. Дәл осы құрам Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын болады. Азия чемпионаты біз үшін Әлем кубогы, Әлем чемпионаты және маусымның басты старты – Азия ойындарының алдындағы өзіндік сынақ кезеңі болды», – деді Меруерт Балғынбаева.

Ол сондай-ақ ұлттық құрама басшылығына және спортшыларды әуежайда қолдауға келгендердің барлығына алғысын білдірді.

«Бүгін бізді осылай салтанатты түрде қарсы алуға келгендердің барлығына үлкен алғысымды айтамын. Мұндай тамаша атмосферада бұдан да көп мотивация пайда болады», – деп атап өтті жаттықтырушы.

Спортшыларды даярлаумен Астана қаласының №1 Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің жаттықтырушылар құрамы айналысты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
9 комментариев
References: Marina bay sands casino https://telegra.ph/Offizielles-Casino-Deutschland-2026-05-26
  • Dirk
  • 01-06-2026, 02:32
  • : 02:32
References: Mac online backup https://junaidyrpn204598.bloginder.com
  • Alda
  • 01-06-2026, 05:58
  • : 05:58
References: Schecter blackjack atx https://neoclassical.space
  • Carrie
  • 04-06-2026, 00:05
  • : 00:05
References: Colorado casinos molchanovonews.ru
  • Collin
  • 04-06-2026, 02:37
  • : 02:37
References: Pocono casino http://ezproxy.cityu.edu.hk
  • Susanne
  • 04-06-2026, 03:13
  • : 03:13
References: The star casino sydney http://karayaz.ru
References: Cool gaming names https://castro-fagan-2.thoughtlanes.net/nv-casino-bewertung-lohnt-sich-die-anme
ldung-wirklich
  • Wilton
  • 04-06-2026, 07:16
  • : 07:16
References: Hollywood casino pa http://adrestyt.ru/
  • Susie
  • 04-06-2026, 14:31
  • : 14:31
References: One armed bandit bom.so
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды