Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық спортшы Азия Пара ойындарынан қола жүлдемен оралды

Елордалық спортшы Азия Пара ойындарынан қола жүлдемен оралды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елорда әуежайында пара үстел теннисінен V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері Алтынай Ержанқызын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өткен додада ел намысын қорғаған елордалық спортшы аралас жұптық сында жүлдегер атанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алтынай Ержанқызы Азия Пара ойындарында XD20 класындағы аралас жұптық сында Марат Суртубаевпен бірге өнер көрсетті. Олар топтық кезеңде Индонезия құрамасын 3:1, Жапония спортшыларын 3:2 есебімен жеңді. Ал Қытай өкілдеріне 1:3 есебімен есе жіберді.

Жартылай финалда қазақстандық спортшылар Гонконг өкілдері – Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға қарсы ойнады. Кездесу 0:3 есебімен аяқталып, есеп 7:11, 4:11, 8:11 болды. Осы нәтиженің қорытындысында Алтынай Ержанқызы мен Марат Суртубаев Азия Пара ойындарының қола жүлдесін иеленді.

«Ойындар өте қиын болды. Жапония мен Индонезия құрамаларын жеңдік, алайда жартылай финалда Гонконг спортшыларына жол бердік. Дегенмен, келесі жарыстарға бұдан да мықты болып оралуға тырысамыз. Қолдау білдірген баршаңызға рақмет», – деді Алтынай Ержанқызы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды